Мем.қызметкерлердің 50 пайызын қысқартып жіберсе де халық түк сезбейді

05 сентября, 10:26
0 1

Досым Қайрат Балтабай мемлекеттік арналардың бірінде жұмыс істеп көріп еді, 4 ай ғана). Біреудің мәтінін біреуге апарып беруші, директордың көмекшісі, кеңесшісі, редактордың көмекшісі, т.б. босқа сандалып жүрген адам көп екен. Бір күні асханада тұрып, кезек бұзыла бергеніне ашуланған Қақаң: Мына каналдың тең жартысын жұмыстан шығарып жіберсең осы асхана мен аспаз ғана шығынданып, сезетін шығар, көрермен түк те байқамайды, - деген екен. Сол айтпақшы, дәл қазіргі жүйені өзгерту үшін 98 726! мем.қызметкердің 50 пайызын қысқартып жіберсе де халық түк сезбейді. Есесіне бюджетке біраз жеңіл болар еді.

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан