Мешітке апарып берсе шалған құрбандығы қабыл болып кетеді деп ойлайтын сияқты...

13 августа, 11:37
0 1

Әкем марқұм қой сояр кезде легені мен пышағын алдын-ала дайындап, қайрап алып, сосын қой сойып болғанда қан шашыраған айналасын тап-таза қылып жуып-шайып, сыпырып қоятын. Қойды сойып жатқанда да қан ыдысқа төгілетіндей етіп бауыздап, шашыратпай союға тырысады. Құрбан шалып жатқандардың маңайына ішек-қарнын лақтырып тастап, қан-жынды таптап жүргеніне қарап түңілдім... Терісін ысырап қылып шұңқырға тастап жатыр. Малды сойып болғаннан кейін жерді неге шлангымен бір шайып өтпейді, қиын емес қой? Сосын бізде құрбан шалғысы келгендердің бәрі мешітке жүгіретін бір жаман әдет бар. Сол малды үйде бауыздап, жағдайы жоқ көрші-қолаңға таратып беруге де болады ғой, мешітке апарып бермей. Мешітке апарып берсе бәрі «официально» болып, шалған құрбандығы құдайдың алдында қабыл болып кетеді деп ойлайтын сияқты...

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан