Қазіргі қазақ қоғамы жан шошырлық қатерлі дертке шалдыққан ба деп қорқамын...

13 августа, 11:14
0 1

ӨЗІМІЗДІҢ ТАМЫРЫМЫЗҒА ӨЗІМІЗ БАЛТА ШАУЫП ЖАТЫРМЫЗ, ОСЫНЫ ТОҚТАТЫП, ҚАЙТА ЖАЛҒАУ КЕРЕК
Ревмотоидный артрит деген ауру бар, өте жаман ауру, тереңдеп кетсе емделуі қиын, тіпті медицина дәрменсіз, мүлде жазылмайды екен. Өйткені адамның жасушалары (клеткасы) өздеріне шабуыл жасай бастайды, сау жасушалар өздерін өздері жей бастайды. Неге екенін ғалымдар әлі түсіне алмай жатыр, сондықтан емі де табылмауда.
⚡️
Біздің қазіргі қазақ қоғамы да осы айықпас, жан шошырлық қатерлі дертке шалдыққанбыз ба деп қорқамын...
⚡️
Ұлтты ұлт қылып сақтайын оның ата-бабадан сан ғасырдан келе жатқан, тілі, салт дәстүрі, адамдардың аты ғой.
⚡️
* Жарты ұлт қазір өз тілінде еркін сөйлей алмайды. Яғни жартылай сырқатпыз. Осылай жалғаса берсе тіл өледі.
* Қазір қазақ балаларына қазақша емес, басқа ұлттардың атын қоюдамыз. Осылай жалғаса берсе қазақша ат қоюдан қаламыз.
* Бабалардан келе жатқан көптеген салттарымыз бен дәстүрімізден айырылудамыз.
⚡️
Келін мен ененің, жұбайлардың арасындағы, үлкен мен кішінің арасындағы қатынастар жоғалып, басқа ұлттардың салты мен дәстүрі сіңіп барады. Осылай жалғаса берсе ұлт сиқымыздан айырыламыз...
⚡️
Той жасау, өлген адамды жерлеу кезіндегі дәстүрлер. Мысалы адам қайтқанда жоқтау жоғалды десе болады.
Ұлттық идеологияны жаңғыртып, сақтап, келер ұрпаққа беру арқылы, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға қалай да тырысуымыз керек...
⚡️
Сіз қалай ойлайсыз? Осы дерттен айыға аламыз ба? Ұлт ретінде жойылып кетпейміз бе?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан