Қазір дін де қорқынышты болып кетті ғой...

11 июля, 12:09
0 1

Немере інім бар еді. Бес мезгіл намаз оқиды. Қақ-соқпен ісі жоқ. Бірақ тілінің қотыры бар. Жәймен айналдырып соққанда езуіңді жинай алмай қаласың...))
Бірақ...(бірақ деген соң-ақ"брак" қой) Өткенде бір келгенде, жеңгесіне/келіншегіме/ бірі бес, бірі жеті оқитын ұлдарыңды, мешітке лагерьге неге бермейсіңдер? Бассейнге, спортзалға апарады, анау-мынау деп, "шариятын"сапырып кеткен еді. Ол жолы үндемегем. Бүгін екі ұлды айналдырыпты. Каникулда бос жатқанша , мешітке барыңдар. Таңертеңгі тоғыздан, кешкі беске дейін құран сүрелерін жаттайсыңдар, арасында бассейнге, спортзалға барып шынығасыңдар деп, қызықтырып кетіпті... Әке-шешесінен ерте айырылған соң, үндемеуші едім. Осы жолы айқайға бастым."Менің балаларымда шаруаң болмасын! Коррупционерлер мен Миссионерлер жайлаған бұл мемлекетте, балаларымды билікке де дінге жолатпаймын..."деп, біраз "нотация"оқып тастадым...Алла өзі кешірсін...
Машинасын анда-санда жөндететін бір жігіт, өткенде келгенде:
- Балам шетелде оқып жатқан. Бір күні аяқ астынан КНБ шақыртты. Барсам шетелде де деп жүрген ұлым, көзі бозарып сонда отыр. Сөйтсем, қасындағы балаларға еріп намаз оқып жүр екен. Ал олар бір теріс ағымға түскен. Бірге жүрген соң, баламды да жауып тастапты. Содан жан-жаққа шығып, баламды әрең құтқарып қалдым. Үйге келген соң, "Дінге кіріп, теріс ағымға еріп, террор жасағанша, арақ іш,темекі тарт, қыздарға бар. Құрысаң өзің құры, террорист болғанша деп, жер-жебіріне жеттім дейді, қатты мұңайып тұрып...
Қазір дін де қорқынышты болып кетті ғой...

Малик Ораков
Фейсбуктегі парақшасынан