Енді тек тоғыз айдан кейін орныңа келесің. Түнде ауыр аяқ болып қалдың...

12 июня, 11:05
0 1

ӨЗ ОРНЫМЫЗДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

Бір еркек құдайға жылапты: "Ойбой, таңмен тұрып, кешке дейін көрмегенім қалмайды. Арып-ашып үйге әрең жетемін. Қатын болса қәперсіз, тырп етпей, үйде жатады. Еркек сорлының көрген күні құрсын. Қатын екеумізді алмастыршы, көрсін мен көрген азапты!?"
Жалынғанға жәрдем беретін құдай айтқанын істей салыпты. Таңмен еркек, енді әйел ғой, оянса төмен етектінің өзі болып көйлекшең жатыр екен. Әйелі, енді еркек болып, жұмысқа кетіпті. Мына сорлы күні бойын үйдің ішінде әйел істейтін тірліктің бәрін істепті: Ас әзірлеп, баланы киіндіріп, кір жуып, үй жинап, балаларды тамақтандырып, тағы да ас әзірлеп, кір жуып.....
Ертесі құдайға қайта жалынып: "Жаздым-жаңылдым, орныма қайтар, еркек болып жүргенім бейіш екен, мына тозақтан құтқар!" - дейді.
- Амал жоқ, - дейді, жаратқан, - енді тек тоғыз айдан кейін орныңа келесің. Түнде ауыр аяқ болып қалдың" - деген екен.

Чочаңдамай әркім өз орнында, қолынан келгенін, білетінін адалымен істеп отырайық, жарай ма?

Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан