Салық төлеушінің қаржысы көрші елдің экономикасы үшін жұмыс жасап жатыр

12 октября, 11:41
0 1

Дипломды жұмыссыздарды азайту үшін, Еңбек нарқы егжей-тегжейлі зерттеліп барып, елімізге қажетті мамандықтарға ғана Білім гранттары бөлінуі тиіс.
Сонымен бір мезгілде жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы мен материалдық базасы зерттелуі тиіс.
Білім гранттары талапқа сай ЖОО ғана бөлінуі тиіс..
Әйтпесе, салық төлеушінің ақшасы желге ұшып жатыр деуге болады.
Орыс сыныптарын бітірген түлектердің жартысына жуығы Ресейлік оқу орындарын таңдап жүр
Көпшілігі сол елдің азаматтығын алып, қалып қояды.
Бұл бір жағынан демографиялық шығын болса, екінші жағынан туылғаннан бастап, сол балалар баратын бала-бақшаға, мектепке кететін шығындарды есепке алсақ, салық төлеушінің қалтасынан шығатын қомақты қаржы көрші елдің экономикасы үшін жұмыс жасап жатыр.

"Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген осы...

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан