Анайылау айтқанда бұттағы шалбар мен трусиді де шеттен алатын болдық

12 июля, 11:27
0 1

Хал мүшкіл деген пікір көп айтылып жүр. Бар мәселе еңбекте! Еңбектің көзін табуда. Шүкір, дейік, ағайын. Еңбектену мүмкіндігін бізден ешкім тартып алған жоқ. Анайылау айтқанда бұттағы шалбар мен трусиді де шеттен алатын болдық. Тамақ істеуге де ерінетін күйге жеткендер табылады. Жалған ба осы? Қырғыз тігіп бермесе көйлексіз жүрер ме едік кім білсін. Уақытымыз тойдан артылмайды. Халі төмен деп жүрген ауылды байқап көрдім. Көбісі шақырысқа жүгіруден артылмайды. Нан да жаппас еді-ау, егер наубайхана ашса біреуі. Қайдан жарысын! Ас-суын өзі әзірлесе де үнем болмас па еді. Тандырға құмарсың ба, соқтыру керек пешін.
Жастардың алтын уақытын электроника жалмайды. Телефон білім бермейді, еңбектен қашықтатады. Қайда барып оңамыз сонда? "Түйеге жантақ керек болса мойнын созады" демекші, еңбектеніп мал тапқанға не жетсін. Екі жылқы немесе үш сиыр, жиырма тауық бір үйді асырап отырғанын да көріп жүрміз. екі сотық жерге еккен көкөнісімен күн көретін ағайындар да бар көкшөп сатып. Тәубе!

Анипа Аскарова
Фейсбуктегі парақшасынан