Әйелім «елден бөлек тұр» деген соң, бөлек тұрған едім...

12 июля, 11:19
0 1

ҚАТЫНЫНАН ҚОРЫҚҚАН "ҚОЛБАСШЫ"...

Цин империясының императоры қатынынан қатты қорқады екен...

- Бір күні министрлер мен генералдарын жинап алып: - Ертең алаңда екі ту тұрады, - біреуі -ақ, біреуі - қызыл. Кімде кім әйелінен қорықса, қызыл тудың астында тұрсын қорықпағандар ақ тудың астында тұрсын, - деп, бұйрық береді. Император Ертеңінде таңертең алаңға келсе барлық әкімдер мен қолбасшылар қызыл тудың астында тұр екен. Тек бір адам ғана ақ тудың астында тұрғанын көріп қуанып: - Біздің елде де әйелінен қорықпайтын ер бар екен ғой, - деп, әлгіні шақырып алып:- Сен неге ақ тудың астында тұрсың, - дегенде, анау: - Кешегі Сізбен болған әңгімені әйеліме айтқан едім. Сонда әйелім: - Елден бөлек тұр, - деген соң, бөлек тұрған едім, - деп, жауап берген еді...

P.S. Қатынынан қорыққан қолбасшы, жауды көргенде не істейді екен?!!!

Советқазы Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан