...Әйелім қуып кетті?!

13 января, 10:06
0 1

 - Уай, досым, әйелім қуып кетті?!
- Не дейді?
- Өзі ғана қумай
Қаладағы қуған қатынды
үйге жиып кепті
Онысын біресе тренинг,
біресе курс дейді.
Амал жоқ
дей салдым "Дұрыс, мейлі"
- Сосын?
- Қуса да қу ғой қатыным,
Ақшаға сатады екен "ақылын".
Келе қалды маған да ой,
Аңқауға қу, жалқауға сұм
Тренинг өткен заман ғой,
Әйелім де қалмасын,
Ол да адам ғой.
- Табысы қалай?
- Табысы - сұрапыл,
25 мың теңге бір ақыл!
- Тоқта! Клиент көп па?
- Жетеді!
Ақымағы көп елде,
Ақыл әрқашан өтеді!
- Кеттім!
-Қайда? Жәй ма?
- Әйел жұмыссыз еді,
Ол да тапсын пайда..