Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды (видео)

07 октября, 09:47
0 1

"Қайсар" мен "Атырау" клубтарының жанкүйерлері футболдан Қазақстан кубогы-2019 финалында стадионда төбелесіп кетті.

Sports.kz жариялаған видеода ойынның орта кезінде жанкүйерлер арасында төбелес басталып кеткенін көруге болады. Олар тіпті бір-біріне стақан лақтыра бастаған.

Айта кетсек, ақтық сынға "Қайсар" мен "Атырау" шыққан болатын. Алғашқы голды 67-ші минутта атыраулық шабуылшы Петар Гжельчак соқты. Ал ойынның 87-ші минутында Игорь Зенькович есепті теңестірді.

Ойынның соңғы минуттарында Думан Нарзильдаев "Атыраудың" қақпасына екінші голды соқты.

 sputnik