Роналду тағы бір рекордты жаңартты

02 октября, 18:31
0 1

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы тарихындағы ең көп жеңіске жеткен футболшы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еуропаның үздік клубтары арасында жыл сайын өтетін турнирдің топтық кезеңінде "Ювентус" өз алаңында "Байер" клубын қабылдады.

Тартысты өткен ойында туриндік ұжым 3:0 есебімен жеңіске жетті. Роналду да матчта мергендігімен көзге түсті.

Осы ұтыс шабуылшыға кезекті рекордты жаңартуға мүмкіндік сыйлады.

Футболшы Чемпиондар лигасы тарихындағы 102-ші жеңісін тойлап, атақты кақпашы Икер Касильясты басып озды.