Эден Азар "Реал Мадрид" сапында алғашқы голын соқты (видео)

08 августа, 11:53
0 1

Белгия құрамасының футболшысы Эден Азар "Реал Мадрид" сапында алғашқы голын соқты деп хабарлайды eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мадридтік "Реал" жаңа маусымға дайындық барысында австриялық "Зальцбургпен" жолдастық кездесу өткізді.

"Ред Булл Аренада" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен "Корольдік клубтың" пайдасына шешілді. Эден Азар матчтағы жалғыз голдың авторы атанды.

Белгиялық футболшы сол қапталмен өрбіген қарсы шабуылдардың бірінде алаңның ортасына қарай ойысып, қарсыластың екі бірдей футболшысын алдап өтті.

Айып алаңына жақындай бергенде футболшы допты шиыра теуіп, қарсылас қақпасының оң жақ бұрышын дәл көздеді.