ПСЖ-дан қажыған Неймар "Барселонадан" басқа клубқа кетуге дайын

02 июля, 17:25
0 1

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймар қалайда франциялық клубтан кетуге бел шешті, - деп хабарлайды Eurosport.

FOX Sports Asia ақпаратынша, Томас Тухель жаттықытратын командада ойнаудан әбден қажыған Неймар "Барселона" болмаса, жалға алу құқымен бір жыл Бразилия чемпионатында өткізуге дайын.

El Chiringuito TV мәліметінше, футболшыны "Фламенгоға" жібереді.

Неймар тіпті ПСЖ жаттығуларына байкот жариялап, бес жылдық келісімшартты талқылап қойған "Барселоноға" трансферге қол жеткізбек.

Неймар "Барселонадан" 2017 жылы ПСЖ-ға рекордты 222 миллион еуроға өткен болатын.

27 жастағы форвардтың ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда бразилиялық форвард Франция чемпионатындағы 17 матчте 15 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.  

kaz.vesti.kz