Маусым қорытындысы бойынша мадридтік "Реал" Еуропаның үздік клубы атанды

04 июня, 16:41
0 1

Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА ) 2018/19 маусым қорытындысы бойынша клубтардың рейтингін жаңартты деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рейтинг командалардың соңғы бес маусымдағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы өнер көрсетуіне негізделді.

Нәтижесіз маусым өткізгеніне қарамастан, мадридтік "Реал" көш басындағы орнын сақтап қалды.

Осы жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алған "Ливерпуль" үздік 10 клубтың қатарына кіре алмады. Англиялық клуб рейтингтің 11-ші сатысына жайғасқан.

1. "Реал" – 146,000

2. "Барселона" – 138,000

3. «"Бавария" – 128,000

4. "Атлетико" – 127,000

5. "Ювентус" – 124,000