"Ливерпуль" Әлем чемпионатындағы жеңіс голының авторын қатарына алмақ

11 июля, 16:11
0 1

Англияның "Ливерпуль" футбол клубы Джордан Шакиридің тарнсфері бойынша "Сток Ситимен" келіссөздер жүргізе бастады, - деп хабарлайды Telegraph.

Басылым мәліметінше, "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп келісімді осы айда жасағысы келеді. Клуб Швейцария құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушының "Сток Ситимен" келісімін үзу үшін 13 миллион фунт төлеуге дайын.

Шакиридің "Сток Ситимен" келісімшарты 2020 жылға дейін жасалған, алайда, команданың Англия премьер-лигасынан бір дивизионға төмендеуіне байланысты футболшыға клубтан кетуге рұқсат етілмек.

Шакири 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында Швейцария құрамасы сапында төрт матч өткізіп, бір гол салды. Бұл гол Сербиямен ойын кезінде шешуші болған. Ағылшын премьер-лигасының өткен маусымында жартылай қорғаушы 36 ойында сегіз гол салған болатын.  

vesti.kz