«HALYK BANK» ҚАЗТАЛОВТА БӨЛІМШЕСІН АШТЫ

30 ноября, 23:54
0 1

Батыс Қазақстан облысы орталығынан шалғай жатырған Қазталов ауданында былтырғы жылдан бері бірнеше әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілген болатын. Енді міне, Тұңғыш Президент күніне орай «Halyk Bank» бір бөлімшесінен тұсауын кесіп, тұрғындардың қуанышы арта түсті.


Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев: - Құрметті аудан тұрғындары! Бүгін аудан орталығында қос қуаныштың куәсі болдық. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Халық банкінің бөлімшесін ашып жатырмыз. Әрине, оның бәрі жеке тұлғалар үшін өте ыңғайлы.

Кіші және орта бизнестің дамуына әсер ететіні сөзсіз. Егер ауылдың әлеуеті болса осындай нысандар ашылады. Сондықтан да Қазталов ауданының алдағы болашағы зор деп есептеймін. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Бөлімше халықтың игілі үшін қызмет ете берсін!, -деді.


Жаңадан ашылған ғиммарат заманауи үлгіде жабдықталған. Аудан орталығында орын тепкен бөлімше бүгіннен бастап тұрғындарға қызмет ететін болады. Жаңа бөлімшеде ақша аударымы, несие төлеу, депозит салымдары сынды қызмет түрлерін тұтынушылар жоғары деңгейде пайдалана алады. Бұның бәрі бөлімше мамандарының көмегімен жүзеге асады. Банк бөлімшесінің ашылуы әсіресе зейнеткерлерге қуаныш сыйлады. Енді қариялар зейнетақысын алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрмайтын болды.


-Халық банктің бөлімшесі заманауи сапа стандарттарына сай жабдықталған. Тәулік бойы жұмыс істейтін 2 банкомат, 1 терминал орнатылған. Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін 3 кассалық орын бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар жағдай қарастырылған, -деді «Halyk Bank» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиал директоры Игорь Валерьевич Стексов.
Жұлдыз АСҚАР