Зейнетақы қаражатының бір бөлігін жеке басқаруға беру қалай жүзеге асады

15 ноября, 18:10
0 1

Ұлттық Банк басшысы Ерболат Досаев зейнетақы қаражатының бір бөлігін жеке басқаруға берудің қалай жүретінін әңгімеледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Досаев қазіргі уақытта мемлекет үкіметі қаржы ұйымымен бірлесе отырып, зейнетақы активтерін берудің негізгі шарттарын талқылап жатқанын атап өтті.

Ұлттық Банк басшысының өзі жаңашылдықты қолдайтынын, мұндай ауысу қор нарығындағы институционалдық сұранысты күшейтуге көмектесетінін алға тартты.

Бұдан бөлек, бұл зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың бәсекеге қабілетті нарығын құруға мүмкіндік береді деп есептейді Досаев.

Атап өтейік, зейнетақы қаражатының бір бөлігін жеке басқаруға беру 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың зейнетақы активтерін Ұлттық Банктің бақылауынан алып, жеке басқаруға беруге тапсырғаннан бері талқыланып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы айдың басында Қазақстанда зейнетақы жүйесінің реформасы жүруі мүмкін деген жаңалық пайда болды. Болуы ықтимал өзгерістер жайлы Стратегиялық бастамалар орталығында айтылды.

Мамандар Сингапурдың зейнетақы жүйесін негіз ретінде алуға ұсынды. Оған сәйкес зейнетақы шотына түсіп тұрған жиналым үш басқа - қарапайым, арнайы, медициналық шот бойынша үлестіріледі.