Девальвация бола ма – Ұлттық банк жауабы

13 ноября, 12:51
0 1

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев девальвацияға қатысты тарап жатқан қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер ұлттық банк төрағасынан девальвация болуы мүмкін деген сыбыс тарап жатқанын, Қазақстан бұған қаншалықты дайын екенін сұрады.

"Ешқандай девальвацияға дайындық жоқ", - деп қысқа қайырды Ерболат Досаев.

Ұлттық банктің ресми сайтында теңге бағамы долларға шаққанда 388,81 теңгені көрсетіп тұр.

Төл теңгеміз алғаш рет айналымға енген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілген еді. Содан бері ұлттық валюта бірнеше рет құлдырады. Алғаш рет 1999 жылдың сәуірінде құнсызданды.

Ал 2015 жылы ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберіп, жаңа ақша-несие саясатын бастады. Бұл жаңалықтан кейін теңгенің биржалық бағамы бір тәулікте 26%-ке түсіп, доллар 255 теңгеден сатыла бастады.