Атырау-Орал трассасы ақылы болмақ

11 ноября, 22:13
0 1

2020 - 2021 жылдар аралығында Атырау - Орал және Атырау - Доссор - Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы трассалары ақылы болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- 2024 жылға қарай республикалық көлік жолдары желісінің шамамен 11 мың шақырымын ақылы ету жоспарлануда. Қазір бұл учаскелерге инвестициялық конкурс жарияланды, - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Министрліктің мәліметі бойынша, бірінші кезеңде (2020-2021 жж.) барлығы 6 мың шақырым жол ақылы болады. Бұл тізімде, атап айтқанда, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстанмен шекара, сонымен қатар Атырау - Орал трассалары бар. Қалған 5 мың шақырым жолды 2022-2023 жылдары ақылы қылады.

Ал Атырау облысының Полиция департаменті соңғы жылдары республикалық маңызы бар жолдарда трафиктің, соның ішінде жүктерді тасымалдаумен байланысты трафиктің өскенін хабарлайды. ПД мен «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлері хронометраж жүргізді. Мысалы, Атырау - Орал трассасының бойында бәр тәулік ішінде 6150 жүк көлігі мен жеңіл көліктер жүрген. Министрлік әзірге төлемақы мөлшерін хабарлаған жоқ, алайда әңгіме елеулі сома туралы болып отыр.

Ал қазір Қазақстанда ақылы 4 трасса бар: Нұр-Сұлтан - Щучинск, Нұр-Сұлтан - Теміртау, Алматы - Қорғас және Алматы - Қапшағай. Бүгінгі таңда жиналған алымның көлемі - 4 миллиард теңгеден астам.

 azh.kz