Өзбекстанның ЕАЭО-ға қосылғаны бәріне тиімді – "Валдай" сарапшысы

11 ноября, 20:31
0 1

Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу идеясын ұзаққа созуға болмайды. Самарқанда "Валдай" клубының Х Азия конференциясына қатысқан РҒА Е.М.Примаков атындағы ұлттық әлемдік экономика және халықаралық қатынастар зерттеу институтының ғылыми қызметкері Алексей Купрянов осындай пікір білдірді.

"Бірде бір ел сыртқы саяси алаңда әрекет ету үшін экономикасының мінсіз деңгейге жетуін күтпейді. Себебі экономикадағы жағдайлар көбіне-көп сыртқы саясатқа байланысты. Бұл жерде де дәл солай. Орталық Азиядағы ахуалды "идеалға" жеткізіп барып қана, қандай да бір қосымша ұйымдарға қосылу жайлы ойлануға болмайды. Осы қосымша құрылымның өзі жағдайдың "мінсіз" болуына септігін тигізуі мүмкін", - деді Sputnik Өзбекстанға Алексей Куприянов.

Ресей үшін ЕАЭО – ірі интеграциялық жоба. Сарапшының пікірінше, Ресей бірлестікке барынша көбірек елдердің кіргеніне мүдделі.

"Бұл бұрынғы Кеңес одағы емес. Біз қандай да бір саяси мақсатпен Кеден одағын қайта құруді көздемейміз, оған мүдделі де емеспіз. Біз одақ күйрегеннен кейін құрдымға кеткен ірі экономикалық базаны қайта қалпына келтіруді қалаймыз. Ресей өнеркәсіптің тұтас салаларын жауып, қайтадан жолға қоюға мәжбүр болды. Себебі олар басқа республикалардың аумағында қалып қойған еді", - деп атап өтті маман.

Куприянов Өзбекстан да мұндай жағдаймен бетпе-бет келгеніне назар аударды. Ал қазір түрлі кедергілердің кесірінен экономикалық ынтымақтастық қиындап отыр.

"Бірақ егер бәріміз жұмыла әрекет етсек, жемісін көреміз. Біз бірыңғай экономикалық тетіктің барынша тиімді жұмыс істегеніне мүдделіміз", - деді ол.

Сарапшы Ресей мен Өзбекстан арасында өте белсенді экономикалық және саяси диалог жүріп жатқанын, ал "Валдай" клубының мақсаты ғылыми диалогты жолға қою екенін атап өтті.

"Бұл тұрғыдан, біз артта қалдық. Сондықтан өзбекстандық және ресейлік сарапшылар арасында ынтымақтастық тетігін реттейміз деген үміттеміз. Путин мен Мирзиёев кездесіп тұрады, араласады, ал екі елдің ғалымдары арасында, өкінішке қарай, байланыс жоқ", - деп қапаланды Купрянов.

Самарқанда "Валдай" клубының X Азия конференциясы өтіп жатыр. Жиынға "Орталық Азия және Еуразия" жаһандық сын-қатерлер алдындағы көпжақты ынтымақтастық" тақырыбы арқау болды. Конференция жұмысына Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Филиппин, Швеция және Жапония сарапшылары қатысып жатыр.

sputnik