Электр энергиясы қымбаттайды

01 ноября, 15:43
0 1

 ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті электр энергиясы тарифінің қымбаттауы туралы мәлім етті, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Энергетика саласындағы өкілетті органдар айтқандай, станциялар бойынша тариф шамамен 15% көтерілді. 44 станцияның 32-сі бойынша тариф көтерілді. Бұл соңғы тұтынушылық бағаға аздап әсер етеді", – деп ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында жауап берді. Төрағаның айтуынша, электр энергиясы тарифі 6-7% көтеріледі. "Нәтижесінде тұтынушылар үшін баға шамамен 6-7% қымбаттайды. Одан артық қымбаттамайды. Мұндағы субъектілердің көпшілігі тарифті көтеру жұмыстарын келесі жылы бастайды. Онда әрбір субъектінің тарифтерін тексеріп шығамыз", – деді Дарбаев. Сондай-ақ комитеттің төрағасы мәлімдеуінше, электр энергиясының жаңа тарифтік мөлшерлемесі 2021 жылдан бастап күшіне енеді.

qamshy.kz