Елімізде доллар 392 теңгеден сатылып жатыр

10 октября, 09:02
0 1

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар құны 390,9-дан 392 теңгеге дейін жетеді.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 392 теңгеден сатылуда. Ал биржадағы доллар бағамы 390 теңгеге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Доллар бағамы биржада да өсіп жатыр. KASE-дегі 8 қазандағы күндізгі сауда нәтижесі бойынша, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 389,50 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар құны 390,9-дан 392 теңгеге дейін жетеді. Ал Нұр-Сұлтан қаласында доллар 390,5 - 391 теңгеден сатылуда.

Stan.kz