42 мыңнан 73 мыңға дейін: Барлық көпбалалы аналарға жәрдемақы төленеді

07 октября, 14:35
0 1

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылға дейін АӘК есептеудің жаңа ережелерін үкіметке таныстырды. АӘК-тен бөлек, барлық көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу ұсынылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Елдегі атаулы әлеуметтік көмек механизміне түзетулер енгізілмекші.

Енді ол үш топқа бөлінеді - көпбалалыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылғандарға арналған АӘК және балаға кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы.

"АӘК-нің қазіргі механизмі түзетіледі. Көпбалалы отбасылар мемлекет қорғауында қалады. Егер мемлекеттік жәрдемақы алатын көпбалалы отбасы аз қамтылған дәрежесінде қалған жағдайда, онда ұсынылған заң жобасына сәйкес АӘК тағайындалатын болады", - деді министр.
Бала санына байланысты көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы: 42 500 теңге - 4 балалы отбасыларға, 53 125 теңге - 5 балалы отбасыларға, 63 750 теңге - 6 балалы отбасыларға, 73 370 теңге - 7 балалы отбасыларға.

Егер бұл жәрдемақы отбасылардың аз қамтылған дәрежесінен шығуына жетпесе, онда қосымша АӘК беріледі.