Қаржы министрлігі үкіметтен көмек алу үшін не істеу керек екенін түсіндірді

10 сентября, 10:48
0 1

114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион теңге көлеміндегі өсімпұлы кешірілді, деп хабарлады қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

"2019 жылдың 5 қыркүйегінде мәліметке сәйкес, 114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион көлеміндегі өсімпұлы кешірілген. Олар 2,9 миллиард теңге болатын негізгі қарызын өтеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті жалпы 1,4 миллион адамның амнистияға ілінетінін атап өтті.

"Егер олар 13,9 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарызын өтеген жағдайда 6,3 миллиард теңге көлеміндегі өсімпұлы кешіріледі", - деп түсіндірді комитеттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірдегі барлық департаменті 2019 жылдың 13-14 тамызында өсімпұлдарды кешіру туралы жарлық шығарған.

Қазақстандықтар қарызы бар-жоқтығын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.kz сайты ("Салықтық қарыздың бар-жоқтығы жөніндегі мәлімет"/"Сведения о наличии/отсутствии налоговой задолженности") тарауынан біле алады. Ол үшін салық төлеуші ЖСН (ИИН) енгізуі керек.

sputnik