"Көбісі намыстанады": Қазақ жігіті қойдың ішегінен қалай пайда тауып отырғанын айтты

12 августа, 12:36
0 1

Құрбан айттың алғашқы күнінде Нұр-Сұлтан қаласында құрбандық шалған адамдар көп болды. Елорданың мал базарындағы саудада қызу жүруде. Қызмет түрін ұсынғандардың қарасы өте көп. Солардың ішінде ішек тазартып, жаңа кәсіптің көзін ашқандар да бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның жзауынша, сойылған малдың терілері мен ішек-қарындарын бірден жүк көлігіне қотарып, арнайы жерлерге шығарып отырады екен.

Тілші күл-қоқыстың ішінен ішектерді алып, тазартып жатқан жігіттерді байқап қалған.

Оны не үшін алып жатқанын сұрағанда, пайдалы бір кәсіптің бар екенін мәлімдеген.

Аты-жөнін атамауды өтінгендер көп адамдар бұндай жұмыс істеуге намыстанатынын айтады.

"Енді, көп адамдар бұндай жұмыс істеуге намыстанады ғой. Алайда бұл – өте тиімді кәсіп. Мысалы, құрбандық шалған адамдар мына ішектерді лақтырып тастайды. Біз соның бәрін тазартамыз да, буып-түйіп, шетелге жібереміз. Ол жақта кетгут, яғни медициналық жіп жасайды. Онымен хирургтар адамның ішкі ағзаларын тігеді, артынан кетгут өзі таралып кетеді. Бұдан бөлек, ішектен шұжықтың сыртын орайтын материалдар жасалады", - дейді қазақтың бір жігіті.
Басылымның мәліметінше, базарда қойдың түр-түрі бар. Тоқтылар 35 000-45 000 теңге болса, одан ірілері 65 000 теңгеге дейін барады.

Қойды алғаннан кейін тәшкені жалдау құны – 500 теңге. Қасапшының қызметі – 2 000 теңге. Бас үйіту 1000-1500 теңге болса, ішек-қарнын жуып бергені үшін 1500 теңге алатын көрінеді.