Ұлттық банк қазақстандықтардың несие бойынша өсімпұлы мен айыппұлдары қашан кешірілетінін айтты

06 июля, 21:28
0 1

  Ұлттық банк қазақстандықтардың несие бойынша өсімпұлы мен айыппұлдары қашан кешірілетіні және оның тәртібі туралы хабарлама жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, «Проблемалық несиелер қоры» АҚ облигациялар шығарып, оларды орналастырады.

Мұнан кейін екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдары тұрақсыздық айыбы, яғни айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті кешіреді. Бұл биылғы жылдың 30 шілдесіне дейін атқарылуы тиіс. Әрі қарай аталған ұйымдар 2019 жылдың 2 тамызына дейінгі мерзімде «Мемлекеттік кредиттік бюроға» банктік қарыз шарттары бойынша кешірілген айыппұлдар мен өсімпұл сомалары және биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша микрокредит беру туралы ақпаратты жібереді.

Кредиттік бюро қорға әрбір қарыз немесе микрокредит бойынша кешірілген айппұлдар мен өсімпұл сомалары туралы ақпарат жібереді. Орындалу мерзімі – 2019 жылдың 9 тамызына дейін.

Мұнан әрі қор 2019 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде әрбір екінші деңгейдегі банкпен және микроқаржы ұйымымен кешірілген айыппұлдар мен өсімпұлбөлігін өтеу туралы және екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының тұрақсыздық айыбын төлеу бойынша іс жүзінде кешірілген берешегі туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсыну міндеті туралы ережені көздейтін келісім жасайды.

«Қор 2019 жылғы 20 тамызға дейінгі мерзімде келісім негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кешірілген жойылған айыппұлдар мен өсімпұл бойынша 30 пайызды өтейді», - делінеді құжатта.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банкке қазақстандықтардың несие бойынша өсімпұлын кешіруді тапсырды.

Stan.kz