Арыстықтарға кредит бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі келер жылға дейін шегерілді

04 июля, 12:41
0 1

Арыстықтарға «Халық банк» та жеңілдік жасады. Halyk Bank қала тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолданыстағы қарыздары бойынша 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сыйақы есептеуді тоқтатты.

Арыстық клиенттерді қолдау мақсатында банк басшылығы осы айдан бастап қала аумағында берілген барлық қарыздар бойынша 1 млрд теңгеден артық сомаға сыйақы есептеуін тоқтатты.

Айта кетейік, Арыстағы Halyk Bank борышкерлерінің саны 3 мың 639 адам. Олардың жалпы қарыз сомасы 3 млрд 300 млн теңгеден асады. Осылайша жеке және заңды тұлғаларға 1 шілдеден бастап, келер жылдың 1 қаңтарына дейін несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі 6 айға шегерілді.

24.kz