Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

03 июля, 14:46
0 1

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, тергеп-тексеру ісі өз мәресіне жетуге таяу. Тергеу амалдарының қорытындысы көп күттірмей халық назарына ұсынылмақ.

Қылмыстық іс қозғауға түрткі болған негізгі себеп - Лондон биржасынан БЖЗҚ сатып алып, KASE-ге сатуға қойған Қазатомпромның акциясы.

Екінші себеп - теңге курсының ойыншыққа айналуы. Тарап жатқан ақпараттарға сенсек, қылмыстық іс қозғаған тарап теңге курсының ойнамалылығынан бірнеше компаниялардың тәуір табыс тапқанын анықтапты-мыс.

Әзірге ҚР Бас прокуратурасы бұл мәліметтер туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.