Астанада жұмыссыздар тегін кәсіптік курстарда оқиды

07 июня, 16:48
0 1

Елордада жұмыссыздарға арналған тегін курстарға жазылу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұранысқа ие арнайы мамандықтар тізімі бойынша тұрғындар үш ай оқып, шәкіртақы ала алады. «Наубайшы», «аспаз», «кондитер», «тігінші», «тәрбиеші», «Анимация және бейнеграфика», «электр-газ дәнекерлеуші», «слесарь-сантехник», «кран машинисі», «маникюр шебері» сынды сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыссыздар тегін курстарға жазыла алады.

Оқуды сәтті аяқтаған соң, жаңа біліктілік туралы куәлік беріледі және жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Оқу барысында 16 759 теңге шәкіртақы төленеді», - делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге, «Астана» ӘКК арқылы кәсіпкерлікті дамыту аясында тұрмысы төмендерге қолдау көрсетіліп жатыр.

Мәселен, жыл сайын сауда павильондары үшін жер телімдерін жалға беру квотасы бар. Жыл сайын 15 жер телімі халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы аналарға еш конкурссыз бөлінеді.