Бір мұратпен біріккен кооператив немесе 200 қазақстандық өз баспаналарына қалай қол жеткізді?

12 октября, 11:47
0 1

Классик Михаил Булгаковтың: «Пәтер мәселесі отбасылық қарым-қатынасты бұзады" деген сөзі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әсіресе, бұл проблема астаналық тұрғын үй шаршы метрлеріне қатысты.
Біздің кейіпкеріміздің тарихы, бір қарағанда, құрылыс салушыға бар ақшасын сеніп тапсырып, қолды қылған өзге зардап шегушілердің өткенінен айырмашылығы жоқ. Алайда, әлдебір рухтың күші, әділдікке сенім және пікірлестердің бірігуі оларға өздерінің заңды тұрғын үй құқығын алуға мүмкіндік берді.
2015 жылы "Әл Баракат компани" компаниясының басшысы Қосшы кентінде "Жайлау" ТК құрылысын бастағаны көпшіліктің есінде болар. Алайда, құрылыс тек сөзбен ғана жүргізілді, іс жүзінде 200 үлескер миллиондаған ақша төлеп, жалпы алғанда 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылды.
"Жайлау city" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы Гүлнәр Мермұқанова сол үлескерлердің бастарына түскен қиын-қыстау кезеңде қандай күй кешкенін, әділетсіздікпен күресте үміт пен күдіктің арпалысын және сенімнің жеңісін әңгімелеп берді.
- Гүлнар, орын алған оқиғалар туралы айтып берсеңіз. Бұл құрылыс салушыға жүздеген адамдар қалай алданды?
- Барлығы төрт жыл бұрын басталды. Осы уақыт ішінде біз көп нәрсені бастан өткердік. Құрылыс салушыға 2014 жылдың күзінде қылмыстық іс қозғалды. Ол екі жылдан кейін аяқталды. Құқық қорғау органдары үлкен жұмыс жүргізді.
Тергеу жүргізілген уақыт ішінде біздің кешеніміз салынуы тиіс жер учаскесі түсініксіз түрде сатылып, иесі басқа адам болып шықты. Өз құқықтарымызды дәлелдеу үшін бізге сот кабинеттерін қайтадан жағалауға тура келді. Яғни, біз, жәбірленуші инвестор-үлескерлердің барлығы толыққанды тексеру жүргізіп, тергеуге жан-жақты жәрдемдестік. Тек осыдан кейін ғана біз өзіміздің қолды болған ақшаларымызды қайтарып алу үшін экономикалық сотқа жүгіндік. Нәтижесінде, екі жыл ішінде біз 78 сот отырысын өткізіп, 2016 жылдың тамызында жер учаскесін иеленуге құқық алдық.
- Құрылысқа салынған қаражат туралы не айтасыз? Сіз өз ақшаңызды қайтарып алдыңыз ба?
- Ол ақшаны біз, өкінішке орай, көрмедік. Тергеу кезінде құрылыс салушының шоттарында тек нөлдер ғана қалған болатын.
Көп адамның қалай алданып қалғаны туралы сұраққа қайтып оралсақ, мен тек адамға дұрыс көзқарас танытып, сенгенімізді білемін, ал біздің қатарымыздағылардың денінің жеке баспаналары жоқ, көпшілігі жалдамалы пәтерлерде ғана тұрады және олар қаражаттарын көп мөлшерде сақтай алмайды. Ал мұндай жағдайдың нарықтағы ең тиімді ұсыныстары болды. Яғни, пәтердің құнының 25-30 пайызын қолма-қол төлеп, қалған соманы баспанаға кіріп алғаннан кейінгі бес жыл ішінде жабасыз. Сондай-ақ, оның сатылымы өте жоғары маркетингтік бағдарламамен жалғасты. Тұрғын үй кешенінің жарнамасы барлық жерде болды.
Пәтер туралы армандаған кезде және сені осындай ойлар қаумалағанда қателесу өте оңай екен. Содан кейін біз біздің кешеннен басқа, Астананың өзге де өңірлерінде осындай басқа нысандар болғанын білдік. Жалпы алғанда, ол компания мыңдаған адамды алдады. Біз онымен бірге ортақ құрылыс туралы келісім жасамадық, бірақ инвестициялық келісім-шартты әзірлеуші өзінің манипуляциясы үшін «инвестор» деген сәнді терминді өзі үшін тиімді қолданды. Яғни, біз құжаттар бойынша өз еркімізбен оның жобасына қаражат салдық. Бастапқыда объектілерде ешқандай құрылыс бойынша қозғалыс жоқ екендігі туралы дабыл қаға бастағанда, ол бізден жасырынып, қашып кеткен жоқ. Ол үлескерлермен кездесулер өткізіп, құрылыстың созылуын шенеуніктер мен ондағы өзге де проблемалармен түсіндірді.
- Осы жылдар ішінде қаншама төзім мен денсаулықтың жұмсалғанын елестетудің өзі қиын…
- Сенсеңіз, қатты шаршадық. Қазір, тіпті бұл адам туралы айтқым келмейді. Оның барлық іс-әрекетін ар-ұжданының таразысына қалдырдық. Біздің сотымыз барысында көптеген адамдар зардап шекті. Олар Қазақстанның қарапайым ғана азаматтары еді.
Мен сол жылдары кәсібімді енді бастап жатқан болатынмын. Тілдерді оқыту курстарын ашып, тапқан-таянғанымды осы нысанға салуға шешім қабылдадым. Өкінішке орай, бұл интуициям мені алдаған екен. Дегенмен, қазір ол сынақтардан өттім деп ойлаймын және қиындықтар біздің басымызға жайдан-жай түспегенін түсінемін. Тек сол сынақта сынып кеткендер мен жеңіске жетпегендерге ішім ашиды. Өйткені, көптеген жәбірленушілердің тағдыры біздің көз алдымызда өрбіді. Өз қалаларындағы, ауылдарындағы соңғы тұрғын үйлерін сатып, ақшасын осы объектіге салған адамдар болды. Осы жағдайға байланысты шаңырақтары шайқалып, ажырасқан отбасылар да бар. Мәселен, жас отбасында жұбайы күйеуіне өзінің бар жиған-тергенімен тосын сый жасағысы келеді: ол банкке жылдар бойы жинаған ақшасын осы тұрғын үй кешенінің құрылысына салады. Бірақ құрылыс проблемасы басталып, нәтижесінде әп-әдемі жұп бұзылды.
Мен ажырасқаннан кейін баламен жалғыз қалған павлодарлық бір қызды білемін. Ол Астанада жаңаша өмір бастағысы келеді, бірақ сәтсіз болды. Енді ол өз сіңлісімен бірге өз қаласындағы бір бөлмелі пәтерде тұруға мәжбүр.
Қалада гүл отырғызатын тағы бір әйел бар еді. Ол өзінің барлық жиған-тергенін жаңа пәтерге жұмсайды. Біз кездескен сайын ол жылдар бойы армандаған пәтері жайында айтатын. Қазір ақшасыз қалған қарт әйел от жағушы болып өмір сүріп жүр.
Сондай-ақ, кездесулерге келіп, ешқашан құрылыс компаниясының өкілдерімен жанжалдаспайтын өте мәдениетті егде кісі болды. Ол жәй ғана өз ақшасын қайтаруды талап ететін. Оның айтуынша, өзі айқайласып, ұрыс шығаруға дәрменсіз, өйткені, денсаулығы нашар, операциясына ақша керек. Ақыр аяғында, әлгі кісі бір аптадан соң өмірден озды, ол жүрек талмасынан қайтыс болды.
Мен жүйке жүйесінің салдарынан көзі көруден қалған бір әйелді білемін. Көп балалы отбасы санатындағы ол әлі күнге бұрыш-бұрышты паналап жүр. Сол қиын-қыстау уақыт аралығында осындай аянышты оқиғалардың талайына куә болдым.
- Сіздерді сол кезде жергілікті атқарушы органдар қолдады ма, мәселені шешуге әкімдік қалай көмектесті?
- Олар бізге қолдау көрсетті. Біз уақыттары өте тығыз қарапайым адамдар болатынбыз. Біз барлық құқықтарымызды қорғай алатын, түсінетін заңгерлер емес едік. Сол кезде биліктің дұрыс әрекет еткеніне рахмет айтамыз. Бастапқыда Астана қаласындағы ведомствоаралық комиссияға жүгіндік. Олар бізге не істеу керек екенімзді егжей-тегжейлі түсіндіріп, Ақмола облысының әкімдігіне жіберді, өйткені біздің объектіміз елордаға жақындығына қарамастан облыс аумағына жатады. Содан кейін облыстық әкімдікке бардық.
Ақмол ауылдық әкімдігінің қызметкерлеріне де алғысымды білдіргім келеді. Біздің қиын жағдайымызға қаныққан олар процесті бір сәтке де кешіктірмеді және сөзбен де, іспен де проблемамыздың шешілуіне көмектесті.
- Осы "шұңқырдан" қалай шықтыңыздар, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне бірігу идеясы қалай пайда болды?
- Бізді өзіміз үшін күрес біріктірді. Өйткені, әрқайсымыздың да басымызға туған қиындық біреу еді. Бізге жер телімдерін иелену құқықтарын беру туралы сот шешімінен кейін үлкен үміт пайда болды. Біз бұл жерден бас тартпауымыз керек екенін түсіндік және одан әрі әділдік үшін жанталаса беруге тиіспіз. Себебі, бұл жерде, әрине, әрқайсымызға бақыт пен жайлылық әкелетін үй пайда болады. Біз үшін құқығымызды белгілейтін құжаттарды алудың маңызы зор. Оған көптеген білім, ақша, күш пен еңбек жұмсалды. Қазір барлық дайындық жұмыстарын жүргіздік және түпкілікті жұмыс жобасының мемлекеттік сараптамадан өтуі ғана қалды. 45 күннен кейін көптен күткен құрылысқа кірісе аламыз.
- Гүлнар, үйдің жобасы бұрынғыша ма, әлде өзгерттіңіздер ма? Сіздің ТҚК құрамында қанша адам бар?
- Біз кешеннің нысандарын толығымен өзгерттік. Бастапқыда бізге ештеңе қолданылмайтын сұп-сұр "ғимараттар" ұсынылса, қазір сол қаражатқа жайлы үйлер салуды жоспарлап отырмыз. Бұл нысанның құрылысына ешкім ақша таппағандықтан, біз өзіміз үй саламыз – сондықтан баға өзіндік құны бойынша жүріп жатыр. Тұрғын үй кешеніміз тоғыз қабатты төрт үйден тұрады. Барлығы 647 пәтер болады. Қазір біздің кооперативте 200-ден астам адам бар. Өз үйімізге үлкен ықыласпен оралуымыз үшін әрқашан бәрін жасауға ұмтыламыз.
- Әрине, сәттілік тілейміз... Тұрғын үй кооперативінің құрылыс түрі мүлдем жаңаша. Басқа кооперативтер іске асырған жобалардың мысалдары бар ма? Және адамдар қандай талаптармен сіздердің қатарларыңызға қосыла алады?
- Біздің кооперативке кіру шарттары өте қарапайым. Кез-келген адам келіп біздің кондоминиумға қосыла алады. Мұндағы барлық адамның құқықтары мен міндеттері тең. Оның барлық жұмысы ашық және есеп беріледі. Кез келген шешімді ақылдаса отырып қабылдаймыз. Жалғыз ғана мақсатымыз бар – өзімізге жақсы баспана салу.
Кооперативке қосылғысы келген адам пәтер құнының отыз пайызын төлейді, қалған соманы үш жылға дейін бөліп төлеуге болады. Астанадағы "Венский квартал" кешені – бірлескен күш-жігердің тамаша нәтижесі дер едім. Ондағы тұрғындар кооперативке бірігіп, өздеріне керемет үйлер салды. Мен олардың ТҚК төрағасымен таныспын. Біз одан кеңес алған болатынбыз. Олардың жұмыстары бізге жігер берді. Енді 2020 жылы "Сиреневый сад" кешенінің жайлы үйлерінде өмір сүруді жоспарлап отырмыз.
- Қызықты атау! Неге кешеннің бастапқы атауын өзгертуді шештіңіздер?
- Иә, кешен бастапқыда "Жайлау" деп аталды, бірақ біз оған байланысты болған оқиғалардың барлығын қорқынышты деп қабылдап, ұмыту үшін оны өзгерттік. Жаңа атымызға сай балалар жылы естеліктер айтсын. Өйткені, кез келген оқушы үшін ең жақсы уақыт оқу жылын аяқтау кезі емес пе? Осы уақытта бақтарда сирень гүлдейді. Ол көктемгі көңіл-күй сыйлайды. Біз қайта өркендеу мен тазалықты қалаймыз. Осыдан біздің болашақ үйіміздің атауы пайда болды.
- Тұрғын үйдің шаршы метрі қанша тұрады және адамдарға бұл ақшаға қандай жағдайлар жасалады?
- Мұнда тұрғын үйдің шаршы метрі 160 мың теңгеден есептеледі. Біздің кешеннің тоғыз қабатты үйлерінде 34-тен 88 шаршы метрге дейінгі пәтерлер қарастырылған. Бір қабатта алты пәтерге дейін орналасады. Қазіргі таңда жақсы лифт компаниясымен келісім-шарт жасастық. Кіреберістерді безендіруге де шығармашылық тұрғыдан мән бермекпіз, яғни әдеттегі нөмір белгілерінің орнына әрбір кіреберісті әртүрлі түске бояймыз. Сондай-ақ балаларымыздың жайлылығы мен қауіпсіздігін ойлап, аулаға көліктерді кіргізбейміз деп шештік. Біздің кешеннің ең басты артықшылығы, үй сараптаудан өткен, тексерілген қызыл кірпіштен тұрғызылады. Мұның сапалы, жылы және отқа төзімді материал екені бұрыннан белгілі. Біз құрылыс материалдарын үнемдемейміз, өйткені өзімізге пәтер салып жатырмыз. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді қарастыруға тырысамыз. Біз автокөлік иелерін де ұмытқан жоқпыз, жобаға 500 орынға арналған ашық автотұрақты енгіздік.
- Гүлнар, сіздер мойындарыңызға үлкен жауапкершілік алып отырсыздар және бұл өте құнды. Сізбен берге жұмыс істеп жатқан серіктестеріңізден басқа, өз қатарларыңыздан кімдерді көресіз? "Сиреневый сад"тұрғын үй кешені кімдер үшін салынуда?
- Білесіз бе, бізге өткеннің бәрі құнды. Мен біздің бастамамыздың жетістігіне сенген барлық адамдарға ризамын. Үмітімізді бірнеше рет үзіле жаздады, бірақ қарапайым адамдардың сенімі бізге көмектесті. Біздің кооператив үлкен емес, бірақ әр қызметкердің салмағы алтынмен пара-пар. Біз Сәуле Нұрғазинова мен Жазнұр Домбаевамен бірге барлық зардап шеккендерге көмек көрсете отырып, Ақмола облысына қайтып келдік. Сот кезінде бір-бірімізді қолдадық. Біз үмітін жоғалтқан адамдардың жағдайы қандай болғанын көрдік, сондықтан қалғандарын ондай ахуалға жеткізгіміз келмеді. Біздің кешеннің ұраны: "Сиреневый сад» - ол үйдегі адамдардың барлығы бақытты". Осы сөздер көптеген сауалдың жауабы болып табылады. Біздің кешен елордада тұрғысы келетіндерге арналған, бірақ қала орталығынан баспана алу мүмкін емес.
Ойын алаңы салынып біткеннен кейін біз үлкен мереке ұйымдастырамыз деп армандаймыз, дастархан басында бас қосып, бір-бірімізге алғыс айтқымыз келеді. Біз барлық сынақтардан сүрінбей өткен көршілерімізбен шын мәнінде туыс жандарға айналып, дәстүрді жандандыратын боламыз. Бір-біріміздің шаңырағымызға барып, барлығын қолдау білдіреміз. Бізде жаңа тұрғын үймен қатар, үлкен достық, отбасылық сыйластық орнайтынына сенімдімін.

Анықтама үшін: "Сиреневый сад" тұрғын үй кешені Астанадан 25 шақырым жерде орналасқан (қала орталығына дейін 15 минут). Кешен құрылысы 2020 жылға дейін аяқталады деп есептелген. Бірінші кезекті (134 пәтер) тапсыру 2019 жылдың үшінші тоқсанына, екінші кезек (105 пәтер) – 2019 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Үшінші және төртінші кезек 2020 жылға арналған.