Қазақстандық жеке тұлғалар шетелдерге 380,1 миллиард теңгеге аударған

12 октября, 11:26
0 1

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстанның жеке тұлғалары шетелге аударған қаржының көлемі 380,1 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,5 пайызға жоғары. Өткен жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 25,2 пайызға жоғары болған. Биыл сегіз ай ішінде жүргізілген транзакциялардың саны 1,8 миллион болған, ол өткен жылдан 9,3 пайызға жоғары.

Аударымдардың басым бөлігі Ресейге жасалған. Аударылған сома - 147,8 миллиард теңге. Бір жылдағы өсім - 27,2 пайыз.

Алайда аударылған қаржының жалпы көлемі ішінде шет мемлекеттердің үлесі төмендеген - 39-дан 38,9 пайызға дейін. Одан кейінгі орында Өзбекстан тұр. Бұл елге 72,6 миллиард теңге аударылған, көрсеткіш бір жылда 33,1 пайызға өскен. Елдің үлесі 18,3-тен 19,1 пайызға жоғарылаған. Көш басындағы үштікте Түркия бар - 41,3 миллиард теңге, өсім - 89 пайыз. Үлесі 7,3-тен 10,9 пайызға артқан.