Пешенеге жазылғанды көреміз бе,әлде ...

11 июля, 09:45
0 1

Адам әрбір әрекетін өз таңдау еркіндігі арқылы істеген істерін тағдырдың зорлығымен емес, біліп, өз еркімен істейді ... Бір кісі ұстазға былай дейді:

-Ұстаз, менің пешенеме намаз оқуды жазбапты. Сонда ұстаз дәрет алатын жерді көрсетіп былай дейді:

-Жеңінді түріп мына сумен дәрет ал. Сосын мына жерге екі рәкат намаз оқы. Сонда сенің пешенеңе намаз оқу жазылатын болады. Иә, жұма күні азан шақырылғанда, мешітке қарай асыққандар мен дәл сол уақытта мейманханаға баратындар, өз қалауларымен істейді.

«Пешенеге жазған екен, көреміз де» деп айтқандарды шапалақпен тартып жіберсең немесе киімін ұрлап кетсе, «Не істейін, менің пешенеме шапалақ жеу, киімнен айырылу жазылған екен, ал ананың пешенесіне шапалақпен ұру, тартып алу жазылған екен», - деп айтпаулары, бұл сенімдерінің қате екендігін көрсетіп тұр. Тек қана құлшылық қылудан қашып, күнәнің батпағына белшеден бату үшін осылай айтады. Мұндай бетсіздердің «пешенеде» деп айтулары, шектен шығу екендігі айқын.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында, оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін» (Инсан сүресі, 3-аят). «Алла жұмаққа шақырып жатыр» (Бақара сүресі, 221-аят).

Иә, тозаққа шақыруға болмайды. Өйткені адамдар тозақ үшін жаратылмаған. Бірақ ол жаққа да баратындар болады. Мәселен, мемлекет, мектептерді адамдар өсіп-өнсін деп ашады. Алайда ол жерден бір сыныптан екінші сыныпқа өте алмай қалатындар мен сотқарлар да шығады.

 mazhab.kz