Науқас адамдар намаздарын қалай оқиды?

13 января, 21:52
0 1

Ақиқатында Алламнан басқа тəңір жоқ,Мухаммед (оган Алламның игілігі мен сəлемі болсын)оның елшісі жане соңғы Пайғамбар.Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса да діни міндеттерден – жауапты. Бірақ дініміз бұл діни парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.

Намаз оқудағы жеңілдіктер:

Науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намазын оқиды. Мысалы, түрегеп тұра алмайтын, яки, тұрған жағдайда ауруының күшеюі сияқты жағдайларда, отырып, оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып немесе жанымен жатып намазын оқиды.

Намазын бір нәрсеге сүйеніп түрегеп тұрып оқи алатындар сүйеніп оқиды. Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін түрегеп тұрып ала алатын болса, түрегеп тұрып алып, қалған намазын шамасына қарай отырып, яки, жатып жалғастырады.

 

Орындыққа отырып оқуға да болады.

Отырып оқыған уақытта мүмкін болса аяқтарынжиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи береді. Рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасалады.

Ишарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз, қас арқылы ишарат жасап оқи алады. Ишаратпен деоқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен аз болсакейіннен қаза етеді. Ал,5-тен көп болса қазасынөтемейді. Әбу Ханифаның басқа бір пікіріне сүйенсек, кейіннен қазасын өтейді. Науқас адамның алдына сәждеетуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер қойылмайды.