Тәуекел Мүсілім үйленгені туралы ақпаратқа жауап берді

04 ноября, 13:02
0 1

Актер Тәуекел Мүсілім өзінің үйленгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кеше ғана әлеуметтік желіде оның бейтаныс қызбен мешітте неке куәлігін ұстап түскен суреті тараған болатын, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Жоқ, ол әшейін сурет. Үйленгенім туралы ақпарат өтірік», – деп жауап берді Тәуекел.

Алайда, актер неке куәлігін ұстап түскен суретін қашан және не себептен түскені туралы ашық айтпады.