"Гелендваген мен тапаншалар": Айым Сейтметованың қызойнағы (видео)

09 октября, 11:55
0 1

Күні кеше отандық танымал актерлар Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айым Сейтметова өз қызойнағын атап өтті. 22 жастағы арудың бойдақ өмірмен қоштасу кеші қалай өткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Айым Сейтіметова кеше жақын құрбыларымен бірге естен кетпес қызойнақ өткізді. Арулар шараға арнайы "мафия" тақырыбын таңдап, барлығын сол стильде ұйымдастырған. Қалыңдық ақ костюм кисе, қалған сылқымдар қара түсті костюмді таңдаған.

Бойжеткендер кеш ханшайымын үйінен Gelendvagen көлігімен алып кеткен. Олар неміс автокөлігімен қала көшелерін аралап, көңілді кешті қаладағы қымбат караоке-мейрамханаларының бірінде жалғастырған. Ол жерде аруларға түрлі байқаулар мен қызықты ойындар ұсынылды. Сонымен қатар, қалыңдық пен оның құрбыларының қасына биші жігіттер қосылған.

Айта кетерлігі, қызойнақ мафия стилінде өткен соң, қыздардың қолында тапанша болғанын аңғаруға болады. Өміріндегі аса ерекше күннің естеліктерімен Айым Сейтметова Instagram парақшасында бөлісті.