"Көргенсіз емеспін": Қайрат Нұртас желідегі шулы видеоға байланысты жауап берді

06 октября, 22:34
0 1

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас желіде тараған шулы видеоға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Еске сала кетсек, өнер иесі әріптесі Ғазизхан Шекербековтың ән кешінде тыңдарманы ұсынған костюмнен бас тартқан болатын.

Қайрат Нұртастың бұл әрекетін желі оқырмандары дұрыс түсінбей, оны қарапайым болуға шақырды.

Осыған байланысты Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

"Біреудің көкірегінен итеретіндей көргенсіз емеспін. Әр нәрсенің ақ қарасын білмей жатып, қаралаудан аулақ болыңыз. Бұл дүниеда жауапсыз қалғанымен, арғы дүниеде жауабы қатты болады", - деді Қайрат Нұртас.