Көлікте бірге отырған Төреғали мен Ерке талқыға түсті (видео)

04 октября, 17:31
0 1

Әлеуметтік желіде көлікте бірге отырған Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның видеосы тарады. Көпшілік "Алло", "Сәлеметсіз бе" сынды хит әндердің орындаушыларын көріп, қуанып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

@torezhandar тобында пайда болған бейнежазбадан отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың екі әншіні бірге көріп, қуанғанын байқауға болады.

"Ерке, сәлем құлыным. Төреш, ей жандарым, екеуіңді бірге көрсем, қуанамын да қаламын",- дейді ол.

Қос әншінің бұл отырысына тек Қайрат емес, оқырмандар да риза болды.

"Мен одан да артық қуанамын", "Жақсы жарасады", "Екеуі бірге өте жарасымды дуэт иелері", "Төреғали мен Ерке жақсы жарасады", "Бірге ән айтқандарың қандай жарасымды", "Дуэт болыңдар" десті олар.