Айнұр Тұрсынбаева енді интимдік тақырыпта тренинг өткізбек

11 сентября, 17:31
0 1

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева бұдан былай қыз-келіншектермен интимдік тақырыпта ашық сөйлеседі. Ол белгілі сексологпен бірігіп, тренинг өткізбекші. Онда әйелдің сексуалды өміріндегі ең негізгі түсініктері мен техникалары үйретіледі екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасында жазған. Тренингті Ақтауда өткізетіндерін айтып, ол жерде гименопластиканы кеңінен талқылайтындарын атап көрсеткен.

«Белгілі сексолог Алина Шадинова екеуміз қыркүйек айының 27 күні Ақтау қаласына бара жатырмыз. Құрметтілерім, әйелге аса қажетті, аса маңызды, жан-жақты тақырыптарды толыққанды қамтитын боламыз! Сіздермен әйел энергетикасын көтеру жөнінде, әйел эмоциясын тежеу жөнінде,әйелдің ойын, түпсанасын басқару жөнінде және көптеген техникалармен бөлісетін боламыз. Сүйікті әйел болуларыңызды және жатырды көтеру, түтікшелерді ашу, спайкалардан айырылу техникаларын үйренесіздер... Интимді гимнастиканы кеңінен талқылап айтамыз. Бұл тренингте әйелдің денсаулығы мен сексуалды өміріндегі ең негізгі, фундамент болар түсініктер мен техникалар беріледі. Осы сабақтарды меңгеріп алған келіншектерге курстың эффектісі тіпті күшті болатыны сөзсіз. Айту бізден, үйрену Сіздерден болсын!», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында.

Ал белгілі журналист Гүлмира Әбіқай facebook парақшасында интимдік тақырыбында тренинг өткізіп жүрген Айнұр Тұрсынбаева мен сексолог Алина Шадинованы сынға алды. Ал желі қолданушылары болса, секс тақырыбында бизнес жасап жүргендігін алға тартады.

Сондай-ақ, желі белсенділері өзін «Айтыстың аққуы» деп атаған Айнұр Тұрсынбаеваның бұл тірлігіне қарсы пікірлерін білдіруде.

«Ай, есалаңдар-ай, ұлтты мазақ етіп болды-ау... Шоқпармен бастарынан бір қойып, естерін жиғызатын екен», «Кімге не жетіспейді, сомен айналысады ғой...», «Алаяқтар ғой. Былайғы сөздеріне жұрт сенуден қалғасын осылай орамал оранып алып алдауға көшкен де», «Күлерімді, не жыларымды білмей отырмын. Айнұр орамалын неше күнге, сағатқа, минутке тақты екен», - деп шуласты олар.