"Не проходите мимо": Келіннің бетін орысша ашқан әнші елдің ішек-сілесін қатырды (видео)

10 сентября, 14:56
0 1

"Алашұлы" тобының бұрынғы әншісі Әзімбек Байлин беташар кезінде кей өлең жолдарын орыс тілінде айтып, қонақтарды ду күлдірді. Өнер иесінің тапқырлығы желі оқырмандарының да көңілінен шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны әртіс Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан Әзімбектің жаңа түскен келіннің бетін ашып жатып, сөз арасында "Кирил, Дима, не проходите мимо, на улице осень, скоро будет зима" деген жолдарды айтқанын байқауға болады.

Әншінің тапқырлығы жиналған қонақтардың одан әрі көңілін көтерген.

"Әзімбек қатырдың", "Таппайтының жоқ", "Тапқырлығыңа ризамыз", "Күлкіден өлтірдің", "Енді ағылшын тілінде бет аш" деп пікірін жаудырды желідегілер.