Қыдырәлі Болманов Мәдениет министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

05 сентября, 00:25
0 1

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады.

"Бұл ақпарат рас. Қыдырәлі Болманов ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалды", - деді ведосмтво басшысының кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев.

Бірақ ол шешімнің қашан қабылданғанын нақты айта алған жоқ.

"Бұл шешім бүгін қабылданған шығар. Ол жағын нақты айта алмаймын", - деді мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі.

Қыдырәлі Болманов туралы не білеміз

Қыдырәлі Болманов 1964 жылы 19 мамыр күні Қарағанды облысы Ұлытау ауданы дүниеге келген.

Еліміздегі танымал топтардың бірі болған "АБК" тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері, әнші, кәсіпкер, Қазақстан жастар одағы сыйлығының және "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері (2013), философия ғылымдарының Phd докторы.

Сондай-ақ Қыдырәлі Болманов – "Ұлытау" тобының продюсері. Жұбайы – танымал әнші Қарақат Әбділдина. 5 баласы бар.

Сондай-ақ, Қыдырәлі Болманов 2005-2008 жылдар аралығында Алматы қаласында мәдениет басқармасының директоры, Астана қаласында мәдениет департаментінің басшысы міндетін атқарушы қызметін атқарған болатын.