"Ақшаны орнына қойыңыз": Гүнұр Оразымбетова әнін екі өнер жұлдызына сатқан адамға ашулы

13 августа, 12:35
0 1

Гүнұр Оразымбетова әнін екі өнер жұлдызына сатқан адамға ашулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал әнші өз қаражатына сатып алған әнді авторы басқа орындаушыларға беріп жіберген деп ашынды. "Жанымда бол" атты Қанат Үмбетов пен Әлия Әбікеннің орындауындағы туындыны біраз жыл бұрын өнер иесі мың АҚШ долларын беріп, сатып алғанын айтты.

"Сол ән авторы Дәурен Сердәлиев есімді азамат Бағлан деген жігіт арқылы бірнеше жыл бұрын маған әнін ұсынған. Мен ол әнді мың долларға сатып алғанмын. Әнді жаздырдым. Алайда, мақсатым тек тойда орындау болатын. Бірнеше рет тойларда орындадым", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Бұл туындының жазылып жатқанын көрген Гүлнұр Оразымбетова мәселені шешпек болып, әннің авторына хабарласады. Олар ақшаны қайтаратын болып келіседі. "Жанымда болды" бір ауыз сұраса да бере салар едім, бәрібір оны көп орындамадым дейді әнші.

"Жақында Әлия Әбікен сол әнімді студияда жазып жатыр екен. Әннің авторына хабарлассам, теледидарға шығармадыңыз, орындамадыңыз деді. Ол келісіп, ақшамды қайтаратын болды. Әлияға айттым, ол білген жоқпын деді. Бір ауыз сұраса, маған жеткілікті болатын еді. Ақшаны қайтаратын болып келістік", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Дегенмен, автор қайта хабарласып, ән өзіңізде қала берсін деп алып, оны сатып жіберген көрінеді. Қазір бірнеше миллионнан астам қаралым жинап үлгерген туынды үшін Гүлнұр Оразымбетова таласатынын жасырмады. Бірақ өнер иесі үшін ақша емес, ұят маңыздырақ.

"Сөйтсем ол маған "Сізге-ақ бұйыртсын, Әлия айтпайтын болды деді". Сөйтсем, бүкіл әлеуметтік желіге бұл ән жүктеліп, Қанат Үмбетов пен Әлия Әбікенннің орындауында көрерменге ұсынылды. Ешқандай ұрыс-керіске бармай-ақ қоялық, артық сөздер айтылды, мәселе ақшада емес, принцпке бардым. Ақшаны сіз алдыңыз, орнына қойыңыз", - дейді Гүлнұр Оразымбетова.