"Байы да, қатыны да мен": Алтынай Жорабаеваның ет турағаны жұртты таңқалдырды (видео)

12 августа, 11:58
0 1

Алтынай Жорабаеваның ет турағаны жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал өнер жұлдызы желідегі парақшасына пышақ қайрап жатқан кезде тосыннан түсірілген бейнежазбаны жүктеген. Құрбандыққа шалынған малды поршалағанын көрсеткен ол құрбан айт мерексімен құттықтауды да ұмытпады.

"Бұл үйдің байы да, қатыны да мен. Құрметті қазақстандықтар, күллі мұсылмандар, құрбан айт қабыл болсын. Құрбандықтарыңыз қабыл болсын, мереке құтты болсын!", - деп барша мұсылмандарды киелі мерекемен құттықтады Алтынай Жорабаева.

Бір үйдің барлық шарусын өз мойнына алған Алтынай Жорабаева балтасын таппай жатқанын айтқан. Қайсар мінезді әнші қара жұмысты да атқара беретінін көрсетті. Осылайша өнер иесі өзінің ет турағанымен жұртты тамсандырған.  "Мен енді мынау өздеріңіз көріп тұрғандай, етті алып келдік, қонақ шақыруым керек. Өзім осылай жайғап жатырмын. Балтамды таппай қалдым. Мына етті бірнәрсе қылып шабамын", - дейді Алтынай Жорабаева.