"Саған не жоқ, үндемей-ақ қойшы": Марат Оралғазин жұртқа өкпесін айтты

12 августа, 11:10
0 1

 Белгілі әзілкеш Марат Оралғазин жұртқа өкпесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап.

Марат Оралғазин салмақты дүние жасайын десе, халық сенбейтінін айтып өкінді. Бірақ әзілкеш ішкі жан-дүниемізге сай нәрселер ұсынамыз деп отыр. Ал халық үнемі талап ететін салмақты туындыларды беру журналистердің жұмысы дейді ол.

"Негізі әр адамның өзінің талғамы болады. Біз өзіміздің саламызда жасап жатырмыз. Нұрболхан немесе мен салмақты дүние жасап жатсақ, бізге сенбейді. Жарайды салмақты дүние жасайық. Астына әртүрлі пікір жазылады. "Саған не жоқ, не істейсің, сен үдемей-ақ қойшы, клоун болып жүре берсеңші" дейді", - деді Марат Оралғазин.

Әзілімен қатар, телехикаяларға сценарий жазып, жаңа тың дүниелердің өмірге келуіне де септігімді тигізіп жүрмін дейді өнер иесі. Әр ойын мен қалжың арқылы астарлы мәселені жеткізгісі келетінін айтты ол.

"Біздің органикамыз сондай. Ал егер салмақты дүние керек болса, кәсіби журналистер жасасын. Біз салихалы дүние жасап жүрген жоқпыз деу де қиын. Біз кадрда шоу жасап жүрсек те, кадр сыртында сериал жазамыз. Ой берерлік туындыларымыз көп", - дейді Марат Оралғазин.

Stan.kz