Қайрат Әділгерей әнші әйеліне қойған талабын айтты

07 августа, 17:43
0 1

"Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей әйелінің әншілік мансабына қатысты ойын ашық айтты. Әзілкеш жарына тек қана айырылысу мен қоштасу жайлы әндерді айтуға рұқсат берген деп жазады Youtube желісіндегі "ZhenisShow" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әділгерей әйеліне мұндай талабын оның Бағлан Әбдірайымовпен түсірген бейнебаянынан кейін қойған.

Ол қос әншінің орындауындағы әннің клипін түсіру кезінде келіншегінің қасынан шықпай қойғанын мойындады.

"Бағлан мен Бақыттың локациялары басқа жақта түсірілген. Бейнебаянда екеуі сол күйі қосылмай кетті ғой.
Мен енді сондай әндерді айтқызамын. Қош бол, қосыла алмай қалдық, айырылысып кеттік деген. Ол жерде құшақтасып тұрғыза алмайсың" , - деді әзілкеш.

Жүргізуші мұндай талап қоюына қызғанышы ғана емес, басқа да себеп бар екенін айтты.

"Басы бос әйел болса, мейлі екі-үш баласы болсын. Бірақ, басы бос болса оны сөкпейді ғой.
Оның үстіне Бақыттың ұстаз деген мәртебесі бар. Ол - мұғалім. Ол клип тұрмақ, киім кигенде де талғайды.

"Мен қысқа кие алмаймын, мен ұстазбын ғой" дейді" , - деп айтты Қайрат Әділгерей.