Алматыда шоуменді ұрып кетті

06 августа, 09:13
0 1

Бұл туралы бір күн бұрын шоуменнің құрбысынан өтініш түскен болатын.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы тексеріліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бір күн бұрын шоуменнің құрбысынан өтініш түскен болатын.

"Күдіктілердің бірі анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңға қайшы әрекеттер жасаған тағы екі қатысушы, еркек пен әйел іздестіріліп жатыр. Олар тергеуден жасырынуда", - деді полиция департаменті.

Сондай-ақ, жәбірленушілердің алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

"Тергеу және жедел іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі шығарылады", - деп қорытындылады полиция.

Осыған дейін, шоумен Андрей Вороширин құрбысы екеуін 1 тамыз күні таныс екі келіншек пен бір еркек соққының астына алғанын айтқан болатын.

#Алматы