Димаш Тоқаевтан эстафета қабылдады (видео)

11 июля, 09:06
0 1

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды.

Әнші бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлап, видеосын жүктеген.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым", - деп жазады Димаш.

Қазақ әншісі Абай Құнанбайұлының "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Видео мына жерде:  www.instagram.com/p/Bzv9w9bAZIO/