"Мен үшін қайғы емес": Бурак Өзчивит "Оскар" алмағаны туралы

09 июля, 10:32
0 1

 Бурак Өзчивит "Оскар" алмағаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "The Эфир" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі Түрік актері Бурак Өзчивит өзінің ісіне адалдығын айтып, тіпті "Оскар" аламса да ештеңе болмайтынын жеткізген. Актер үшін ең маңыздысы еңбектеніп, әрбір образын көрерменнің жүрегінен өткізу дейді ол.

"Өте қиын сұрақ екен. Ондай жоспарым жоқ. Себебі, олай жоспарласаң, болмай қалуы мүмкін. Жұмысыңызды бар ынтаңызбен жасасаңыз, тағдыр жолы өзі апарады. Болмаған жағдайда, "Оскар" алмау мен үшін қайғы емес", - дейді Бурак Өзчивит.

Сонымен қатар, түрік актері өз ісінің шебері болып, арманға қол жеткізудің құпиясымен бөліскен. Ол үшін бір күніңді ой елегінен өткізіп, сараптама жасауың керек дейді актер.

"Күні бойы болған жағдайларды ой елегінен өткіземін. Себебі әр күн - бір сабақ. Бұл өзіңізді танудың ең оңай жолы", - дейді Бурак Өзчивит.

Stan.kz