Ринат Заитов айтысқа қатыспайтын болды

08 июля, 13:33
0 1

Айтыскер ақын Ринат Заитов айтысқа қатыспайды. Айтыскер ақын Ринат Заитов 13-шілде күні ШҚО-да өтетін "Ел айбыны, жыр айдыны — Алакөл" атты республикалық ақындар айтысына қатыспайды. Бұл туралы ақын өзінің Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Ел айбыны, жыр айдыны — Алакөл" атты республикалық ақындар айтысының жарнамасындағы ақындар тізімінде тұрған Ринат Заитов ол айтысқа шақырту алмағанын айтады

"Құрметті ағайын, 13 шілдеде өтетін айтысқа шақырту алмағанымды, қатыспайтынымды ресми мәлімдеймін",- делінген жазбада.