Ақбота Керімбекова әже болды (ВИДЕО)

06 июля, 13:29
0 1

 Эстрада әншісі Ақбота Керімбекова немерелі болды. Сүйінші xабарын өнер иесі İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

 

«Бүгін біздің шаңырақта қуаныш. Жаңа ғана келініміз бізге тәтті, сұлу бір қызды дүниеге әкеп берді. Сіздерге де жұғысты болсын. «Әже», «апа» боп жатырмын. Сіздер де немере-шөберелі болыңыздар», - деді Керімбекова.

Sn.kz