Бесбаев сахнаға жалаңаштанып шығатын әнші қыздар жайлы ойын ашық айтты

04 июля, 18:47
0 1

 Мейрамбек Бесбаев ел алдына ашық образбен шығатын өнердегі қарындастарына қатысты пікірін білдірді деп жазады Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызының сөзінше, жалаңаштану проблемасын тоқтату үшін қолында билігін болу керек.

"Өкінішке орай, бізде соларды көп дәріптейді. Ашық-шашық жүргендерді, шаш бояп, құлағына сырға таққандарды көп дәріптейді. Бәрі шешініп кеткен жоқ. Қарақат, Жазиралар жүр ғой.
Ал енді қыздарымызға өкінішке орай, ішіңнен қынжыласың да қоясын. Тым жақсы-ақ, көркі де, даусы да бар осыған бармай-ақ қойса екен деп ойлаймын. Ары қарай, әңгіме айтып, тәрбие беруге дәрменің, күшің жоқ. Соған қарап, қынжыласың ғой.

Проблема бізден де бар ғой. Көп жерде айта алмаймыз. Бірақ, біз оларды көп көрмейміз. Содан болар. Бір сахналарда кездеспейміз көп. Болмаса біздің ортада жоқ олар. Кейде, анда-санда түсіп қалған кезде, олар өздері кішкене қаймығып, ұялып қалып жатады. Сонысына да рахмет деп қоясың. Өзіміз де кінәлі шығармыз соған. Заң қалыптастыра алмаған, жүйе құра алмаған. Не әншінің, не автордың құқығы жоқ. Жүрдік жай.
Жалаңаштану проблемасын тоқтату үшін билігің болу керек. Оның ар жағындағы ұяты жайлы әңгіме айта алмаймын. Мемлекеттік тұрғыдан жауып тастау керек. Мүмкіндігімше ақылымды айтамын. Ары қарай өзі біледі, түйсігі біледі" , - деді Бесбаев.

KAZ.NUR.KZ.